Естімеген елде көп. Әлеуметтік желіде ұрғашы қасқырдың жыныс мүшесін сатылымға шығарғандардың видеосы тарады, деп жазады Alash.KZ
Авторының айтуынша, оны тұмар ретінде қолдануға болады.
Экология министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда қасқырлар бақылауға жататын түр болып саналады.
«Қоршаған ортасынан белгіленген заңды рәсімдерге сәйкес және тиісті рұқсаттармен алынған қасқырлар оларды аулаған жеке немесе заңды тұлғалардың меншігіне айналады.
Осы орайда белгіленген тәртіппен ауланған қасқырлардың бөліктері жеке және заңды тұлғаларға тиесілі болуы мүмкін және Қазақстанның жануарлар өнімдерінің айналымын реттейтін заңнамасының талаптарына сәйкес сатуды қоса алғанда, азаматтық-құқықтық мәмілелердің нысанасы болады», - делінген мәлімдемеде.