Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Үрей болды": ҰБТ-дан тағы бір оқушы 140 балл жинады

17:46, 01 шілде 2024 980

Ақмола облысы Қосшы қаласындағы Рахымжан Қошқарбаев атындағы №1 мектептің түлегі 11 жыл бойы үздік оқып, «Алтын белгі» иегері атанды деп хабарлайды Alash.kz «Адырна» сайтына сілтеп. 

Айым Ержанова — биылғы ҰБТ-дан 140 балл жинаған екінші оқушы. Ол бәрі бірден болмағанын айтады.

-Бұл менің екінші мүмкіндігім болды. Алғашқы тестті 18 маусымда тапсырып, 136 ұпай жинадым. Сол уақыт аралығында дайындалып, барлығын қайталап шықтым. 28 маусым күні ҰБТ-ға қорықпай кірдім. Шынымды айтсам, тестті 1 сағатта аяқтағандықтан, өзіме сенімді болдым. Алайда 1-2 сұрақтан қате кетсе ше деген үрей болды. Оны барлық ҰБТ тапсырушы түсінеді деп ойлаймын. Соңында “аяқтау” деген батырманы басып, 140 деген баллды көргенде қуанышымда шек болмады. Алдыма мақсат етіп қойып, оған барымды салып, осындай биік межеге жету әрқашан ойымда болды. Мақсатыма жеткенім үшін өзімді керемет бақытты сезіндім, - дейді Айым.

Жас түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге 10 сыныптан бастап дайындалған.

Жалпы таңдау пәндерім - дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілі. «Екі шет тілі» мамандығын таңдап отырмын. Әзірге қай университетте оқитынымды нақты айта алмаймын. Алайда өз елімде, яғни Қазақстанда оқуымды жалғастырамын.Мамандығыма түсу үшін қиын пәндердің бірі дүниежүзі тарихын оқып, барлық ақпаратты есте сақтау керектігін түсіну мені дайындықты ертерек бастауға жетеледі. 10 сыныптың басынан өзім бұрыннан қатысып жүрген мектептегі іс-шаралардан бас тартып, тек ҰБТ-ға фокус қойдым. ҰБТ бекіткен оқулықтардың әр сөйлеміне назар аударып, түсініп оқу арқылыдүниежүзі тарихынан 50/50 мен Қазақстан тарихынан 20/20 ұпайға қол жеткіздім, - дейді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар