Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ура, енді маған ұрыспайсыздар!“. Қарағанды әкімінің жазбасы жұртты күлдірді

09:40, 21 қазан 2024 222

Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов Instagram-парақшасында жол құрылысы аяқталғаны туралы жазып, жұртты күлдірді, - деп хабарлайды Alash.KZ Massaget.kz материалына сүйеніп.

"Ура! Достар, мені ертеңнен бастап ұрыспайтындарыңызға қуанып отырмын! Бұл сәтті сіздерден бұрын мен қатты күттім. Четская көшесіндегі жөндеу жұмыстарының аяқталуына аз қалды. Мен қатты қуанып отырмын.

Бұған дейін Дүйсембеков көшесінен Бұқар жырау көшесіне дейінгі жолды ашқан болатынбыз, дейді.

Мейрам Кожухов қалған көшелердегі жөндеу жұмыстары не үшін кешігіп жатқанын түсіндірген.

Әкімнің оқырмандары бұл жазбасына түрлі пікір қалдырған. 

"Кім не десе де - жарайсыз! Сізді бетпе-бет көріп, сөзімен емес, ісімен дәлелдеп жүрген бірінші әкімсіз!"

"Күшті жаңалық, рақмет сізге! Жұмыскерлердің де еңбегі зор, жарайсыздар!"

"Осылай елдің батасын алуға тырысу керек", - дейді желі қолданушылары.  

Айта кетейік, Мейрам Кожухов 2023 жылдан бастап Қарағанды қаласының әкімі болып қызмет етіп келе жатыр. Бұған дейін ол қала әкімінің орынбасары болған. 

Әкім әлеуметтік желіде белсенді. Оның Instagram-парақшасында 14 мың оқырманы бар. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар