Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Үндістанда танкерде қамауға алынған". Шетелде күтпеген қиындыққа тап болған Қазақстан азаматы елге қайтарылады

19:41, 10 қазан 2026

Үндістанның Орисса штатының Жоғарғы соты елде ұсталған «Unity» танкерінің экипажын шұғыл түрде отанына қайтару үшін қажетті шараларды қабылдауды міндеттеді. Бұл туралы Калькуттадағы Ресей Бас консулдығы мәлімдеді, деп жазды Alash.kz. 

Дипломатиялық өкілдіктің хабарлауынша, сот тиісті шешімді 6 қазанда қабылдаған. Алайда экипажды елге қайтарудың нақты мерзімі мен тәртібі әзірге белгіленбеген. Қазір тараптардың адвокаттары сот шешімін зерделеп жатыр.

Бұған дейін сот кеме экипажын кеме иесінің көмегінсіз қалған теңізшілер деп танып, оларды мүмкіндігінше үш апта ішінде елге қайтаруды ұйымдастыруды тапсырған. Сондай-ақ теңізшілерді кемеден түсіріп, танкерге жаңа экипаж тағайындау міндеттелген. Қайтару шығындары кеме иесінен өндіріліп алынуы мүмкін.

«Unity» танкері 11 мамырдан бері Үндістанның Парадип порты маңында якорьде тұр. Камерун туы астында жүзетін кеменің экипажында 20 ресейлікпен қатар Мысыр мен Қазақстан азаматтары бар.

Теңізшілердің туыстарының айтуынша, кемеде ұзақ уақыт тұрған экипаж азық-түлік пен ауыз су тапшылығына, байланыс мәселелеріне және техникалық ақауларға тап болған. 

Экипаж құрамында ресейліктермен қатар Мысыр мен Қазақстан азаматтары да бар.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар