Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлытау облысындағы кен орнында қаза тапқандардың фотосы жарияланды (ФОТО-ВИДЕО)

16:40, 18 ақпан 2025 996

Ұлытаудағы кен орнында қаза тапқан кеншілердің фотосы жарияланды – деп хабарлайды Alash.kz.

17 ақпанда Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы “Қазақмыс” корпорациясына қарасты “Жомарт” кенішінде шахтада тау жынысының опырылуы орын алды. Оқиға салдарынан жеті кенші қаза тапты.

Қайтыс болғандар:

Ақшалов Қайрат Аманбекұлы– 50 жаста, сорғы қондырғыларының машинисі;

Жақұбаев Ардақ Боранбайұлы– 27 жаста, жерасты учаскесінің тау-кен шебері;

Жұмаділлаев Бақытбек Нышанұлы– 50 жаста, жерасты кен жұмысшысы;

Кенжебеков Орынбек Әмірханұлы– 34 жаста, тиеу-жеткізу машинасының машинисі;

Молдабеков Ғалымжан Есенбекұлы– 47 жаста, шпур бұрғылаушының көмекшісі;

Нұрұлдаев Олжас Жағалбайұлы– 46 жаста, жерасты учаскесінің энергетигі;

Рожков Константин Владимирович– 33 жаста, жерасты тау-кен қазу жабдықтарының электрслесарі-монтаждаушысы.

17 ақпан кешінде Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі “Жомарт” кенішіндегі құлау аймағында жеті жұмысшы қалып қойғаны туралы жедел ақпарат таратты.

Оқиға орнына өңірдің және Қарағанды облысының ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық топтар, апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері және ТЖМ психологтары жіберілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар