Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлы әнші Бибігүл Төлегеноваға көргенсіздік танытып, дөрекі сөйлеген Air Astana компаниясы халықтың кәріне ұшырады

12:55, 04 қыркүйек 2024 2869
 
 
Қазақстанның халық әртісі, аты аңызға айналған әнші Бибігүл Төлегеноваға Air Astana қызметкері көргенсіздік танытып, мәдениетіміздің майталманын бортқа кіргізбей дөрекі сөйлеген, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
 
Болған жағдай жайлы Azattyq Rýhy порталы жазды.  

Бұл оқиғаға байланысты Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостерге арналған ашық хат әлеуметтік желіде жарияланды.

Еліміздегі ірі әуе компаниясының қызметкері ұшақ есігіне дейін арбаға отырып келген 95 жастағы Бибігүл Төлегенованы басқа жолаушыларға кедергі келтіресіз деген желеумен бортқа өткізбеген.

«Бибігүл Төлегенованы шығарып салушы адам оны бортқа дейін арбаға отырғызып алып келген. Бірақ қызметкер оларды дереу тоқтатып арбаға таңылған жолаушылар ұшаққа не ең бірінші келуі керек екенін, ал, бірінші келмеді ме, соңғы жолаушы кіріп кеткенше күтуі керегін айтты... Бибігүл Ахметқызы арбамен тек ұшақтың кіребірісіне дейін ғана барып, ары қарай ешкімге кедергі келтірмей орнына жайғасқысы келді. Оның үстіне сол уақытта топырлаған жолаушы да болмады. Арбамен оп-оңай әрі тез өтіп кетуге мүмкіндік болды. Air Astana қызметкеріне Бибігүл Төлегенова арбада ұзақ уақыт отырып қалса, омыртқасы қатты ауыратынын айтып, салонға ертерек өткізіп жіберуді өтіндік. Тіпті оның жасы 95-ке келгенін, халқының құрметті азаматы екенін де айттық», - дейді желі қолданушысы.

Айтуынша, әуе компаниясының қызметкері аты аңызға айналған қазақ әншісіне ешқайдай жеңілдік болмайтынын өте дөрекі түрде ескерткен. Желі қолданушысы қызметкердің үлкен кісіге, қазақтың атын әлемге танытқан азаматқа деген қарапайым құрметтің жоқтығына наразы болды.

Әлеуметтік желідегі осы жазбаның астына пікір жазған әуе компаниясының ресми парақшасы осындай оқиға орын алғанын растады.

«Бибігүл Ахметқызы Төлегеноваға деген құрметіміз ерекше! Air Astana әуе компаниясы үшін қауіпсіздік басты орында. Әуе қауіпсіздігінің халықаралық ережелеріне сай, арбада отырған жолаушылар ұшаққа ең бірінші болып немесе ең соңында мінеді. Яғни, осы ереже жолаушылардың бәрі үшін ыңғайлы, сондай-ақ, терминалдан эвакуациялау ережелеріне сай. Біздің қолымыздағы ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова мен оның қызы жолаушылар ұшаққа міне бастағанда келгнен. Сондықтан, әуе компаниясының агенті жолаушылар мініп алғанша күте тұрыңыздар деген. Әуе компаниясы осы оқиғаның орын алғанына қатты өкінеді және қызмет сапасын жақсарту үшін қосымша тексеріс жүргізеді», - деп жазған компания.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар