Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ұлттық қор болмаса біз бюджетті қаржыландыра алмаймыз» – вице министр

12:06, 22 ақпан 2024 440
Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов еліміздегі табиғи ресурстарды бөлудің әділдігі туралы түсінік берді.
«Кез келген экономикада қоғамдық әл-ауқатты қайта бөлу механизмі шамамен ұқсас келеді, ол салық жүйесі арқылы жүзеге асады. Мемлекет салық арқылы табыстың бір бөлігін кейбір салалардан көбірек, кейбір салалардан аздау алып, басқа салаларға бөледі. Бұл механизм елімізде өте жақсы жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар Қазақстан экономикасының басқа елдерден айырмашылығына тоқталсақ, бізде тау-кен өнеркәсібінен және мұнайдан түсетін кірістер жиналатын Ұлттық қорымыз бар», - деді Тимур Жақсылықов.

Бұл тұрғыда ол «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын тілге тиек етті.
«Биылдан бастап біз кен орындарын пайдаланудан мемлекет алатын табысқа халықтың, яғни балалардың қатысу тетігін енгіздік. Балаларға арналған ұлттық бағдарлама ол өз жұмысын бастады, қазір тек алғашқы қадам жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар біз Ұлттық қорсыз бюджетті қаржыландыра алмаймыз. Сондықтан кірістің бір бөлігін бюджетке трансферт түрінде алып отырамыз, содан кейін бюджеттік тетіктер арқылы экономикаға бөлеміз. Жалпы, бізде бұл тетіктердің барлығы жұмыс істеп тұр. Шынында да Қазақстанның табиғи жер қойнауы экономиканы қолдауға бағытталған», - деді вице-министр.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар