Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлттық банктің ұпайы түгел. 960 гектар жерін қайтарып алды

11:01, 19 наурыз 2024 422

Алматы прокурорлары 960 гектар жерді Ұлттық банкке қайтарып берді.

Қала прокуратурасы сот актілері мен сот үкімдерін талдаудың негізінде «Capital Bank Kazakhstan» АҚ мен «AsiaCreditBank» АҚ таратылған банктердің жалғыз акционері саналатын борышкердің (Ш. жауап берушінің) активтері шығарылғанын анықтады.

«Жауап берушінің қарызы 15 млрд-тан астам теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Прокуратура ҚР Ұлттық банкінің мүддесіне, «Ш» жауап берушінің жер учаскелерін сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп тану жөнінде талап арыз берді.

Алматы облысы Іле аудандық сотының шешімімен Алматы қаласы прокуратурасының талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылды.

Сот алқасының қаулысымен сот актісі өз күшінде қалдырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар