Ресей Федерациясы мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп стратегиялық шабуыл қаруларын одан әрі қысқарту туралы шартты (ДСНВ) ұзарту мүмкіндігін нақты түрде талқылаған жоқ, деп мәлімдеді Ресей мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
– Жоқ, ол жеткізілген жоқ, – деді Песков сейсенбі күні журналистердің Путин тарапынан бұл бастама бұрын АҚШ президентіне жеткізілді ме деген сұрағына жауап беріп.
Оның айтуынша, бұл тақырып жалпы байланыстар барысында көтерілген, бірақ тек уақыттың қысыла түскенін, біз стратегиялық тұрақтылық пен қауіпсіздік саласын реттейтін екіжақты құжаттарсыз қалу шегінде тұрғанымызды меңзеген тұрғыда ғана қозғалған.
Песковтың сөзінше, мұндай құжаттардың болмауы «жаһандық жағдай тұрғысынан үлкен қауіп-қатерлерге әкелуі мүмкін».
– Бұл туралы бірнеше рет айтылды, бірақ нақты әңгіме болған жоқ, – деп түйіндеді ол.