Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Үлкен жетістік! Сүйінші! Дастан Сәтпаев жайлы ел асыға күткен қуанышты хабар шықты

09:00, 01 желтоқсан 2025 181

Алматылық “Қайрат“ клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев әлемнің ең үздік жас ойыншыларының тізіміне кірді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Мұндай рейтингті Instagram-да 3 миллионнан аса жазылушысы бар белгілі Score90 порталы жариялап, 2008 жылы туған әлемнің ең талантты футболшыларының тізімін ұсынды.

Score90 нұсқасы бойынша 2008 жылғы ең үздік 5 футболшы:

  1. Леннарт Карл («Бавария»)

  2. Ибраим Мбайе (Пари Сен-Жермен)

  3. Рио Нгумоа («Ливерпуль»)

  4. Онест Аанор («Аталанта»)

  5. Дастан Сәтпаев («Қайрат»)

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар