Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ұлымның әйелін өлтіргеніне қатысты еш дәлел жоқ" - Бишімбаевтың анасы

22:13, 26 маусым 2024

Бишімбаевтың анасы ұлының өз әйелін өлтіргенін растайтын ешқандай дәлел көрмегенін айтты. Бұл жайлы Alash.KZ ұлттық порталы хабарлады. 

Қуандық Бишімбаевтың анасы Әлмира Нұрлыбекова ұлының кінәсі толық дәлелденбегенін алға тартты:

Ұлымның кінәлі екені дәлелдеген жоқ. Маған ешкім дәлелдемеді.Пікір айтылды, сөз сөйленді. Біздің жеке басымызды қаралаумен болды. Бірақ оның кінәлі екенін ешкім дәлелдемеді,- деді ол.

Бишімбаев пен Байжановқа қатысты үкім сот шешімімен еш өзгеріссіз қалды. Экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін өлтіргені үшін 24 жылға, ал оның туысқаны Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Бишімбаев пен Байжановқа қатысты 13 мамырдағы үкім өзгеріссіз қалдырылды, - деп мәлімдеді төрағалық етуші судья Шынар Ерғалиева.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар