Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ұлдарын армияға жібермеуге шақырамын!". "Жұмбақ жағдайда" комаға түскен сарбаздың анасы көмекке зәру

13:49, 24 мамыр 2024 642

Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 бөлімінде былтыр құлап комаға түскен, биыл сәуірде оянған сарбаз Ербаян Мұхтарлыны туған-туыстары Астанаға жеткізе алмай отыр.

“Бармаған жерім, баспаған тауым жоқ”

Ербаянның анасы Гүлсім Қамиева мен әжесі Күләш Смайылова Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жоғарғы сотқа, Қазақстан халқына тағы үндеу жариялады. Гүлсім Қамиеваның ұлы – қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтар былтыр мамырда мерзімді әскери қызметке алынған. 2023 жылдың 4 желтоқсанында түнде Алматыдағы Ұлттық ұланның №5571 бөліміндегі дәретханада құлап, бас-миының ашық жарақатын алған. Орталық клиникалық ауруханасының анықтамасы бойынша, сарбаздың бас сүйегі жарылып, желке сүйегі сынған, ауыр ми жарақатын алған. Әскери бөлім «сарбаз дәретханада өзі құлап, басын кафельге соғып алды» деген. Ербаян Мұхтардың әкесі де, шешесі де бұл нұсқаға сенбейді дейді ҰлысМедиа.

– Армияда шектен шыққан жайттар болып жатыр. Ербаян комадан шыққаннан кейін біз оны палатаға ауыстырғымыз келген. Бірақ оны қалайда бірден әскери госпитальге ауыстырып жіберді. Ол жақта Ербаян екінші рет комаға түсіп қалды. Не себепті оны сауыққанша қалалық 12-ші ауруханада қалдырмады? Ербаян есін жиса, болған жайттың бәрін айтып береді деп қорықты ма? Мен көпбалалы ана ретінде аналардың бәрін де ұлдарын армияға жібермеуге шақырамын! – дейді ол.

Гүлсім Қамиева алты ай бойы әділеттілікті іздеп, бармаған жеріміз, баспаған тауымыз жоқ дейді. 

– Кінәлі адамдар жазасын алсын деп талап етемін! Соған сенем! Менің ұлымды Астанаға жеткізуге көмектесіңіздерші! Оған күтім мен ем керек! Егер осы жақта емдей алмаса, шетелге емдейтін жағдай керек! Кәмелетке толмаған үш баламды Астанаға қалдырып, Алматыда жүрмін. Материалдық та, моральдық да жағдайымыз нашарлап кетті. Ана ретінде маған көмектесуді сұраймын, – дейді ол.

“Әдейі созып отыр ма деп қорқамын”

Гүлсім Қамиева ресми санавиация Ербаян үшін бармайтынын, жолай болса алып кететіндерін айтқан. 

– Бұлар әдейі созып отыр ма деп ойлаймын. Өйткені 27 мамырда баланың әскери борыш мерзімі бітеді. Санавиациямен барғанның өзінде “неге рұқсат бердіңіз, ертең жолда не болатынын білмейсіз ғой. Жолда бірдеңе болса, дем жетпей қалса, сізге жабуы мүмкін” деген сыбысты естідім. Жала жабыла ма деп те қорқамын, – дейді анасы Гүлсім.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар