Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлдана Мырзуанның өлімі: Сотталушыны қорғауға петиция жарияланды

19:42, 25 тамыз 2026

Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сотталып жатқан МҮБ (ОСИ) төрағасы Сәуле Жұбаниязованы қорғауға арналған петиция басталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Қоғамдық үндеу ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне, Президентке, Үкіметке және Парламент депутаттарына жолданды. Петиция авторлары кінәлілерді жауапкершіліктен босатуды немесе сот шешіміне ықпал етуді көздемейтінін айтты. Олардың басты талабы– көппәтерлі тұрғын үйлердің жай-күйіне қатысты жауапкершілікті анық шектейтін заңнамалық өзгерістер енгізу. Үндеуде МҮБ төрағасы үйдің жалпы мүлкін басқарушы ғана екені, ол құрылыс салушы, жобалаушы немесе мердігер емес болғандықтан, ғимараттың барлық жасырын дефектілерін білуге міндетті еместігі айтылған.

Петицияда С. Жұбаниязованың 2025 жылдың 30 сәуірінде МҮБ төрағасы болып сайланып, жұмысына 15 мамырда — қайғылы оқиғаға дейін жарты жыл бұрын ғана кіріскені атап өтілген. Еске салсақ, фельдшер Ұлдана Мырзуан 2025 жылдың қарашасында көпқабатты үйдің қабырғасынан кондиционер құлап, алған жарақаттарынан қаза тапқан болатын. Осы қайғылы жағдай бойынша айыпталушылар орындығына МҮБ төрағасы Сәуле Жұбаниязова отырғызылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар