Росавиация басшысы Грозный әуежайында AZAL ұшағы қонарда "кілем" жоспары енгізіліп, қалың тұман болғанын хабарлады, деп жазды Alash.KZ порталы.
Дмитрий Ядровтың айтуынша, бұл жоспар "осы уақытта Грозный және Владикавказ қалаларында азаматтық инфрақұрылымға лаңкестік шабуыл жасаған" украиналық дрондардың шабуылына байланысты енгізілген.
"500 метр биіктікте дым көрінген жоқ. Әуе кемесінің командирі Грозныйға ұшақ қонуға екі рет әрекет жасады, олар сәтсіз болды", — деді ведомство басшысы. Ақтауға ұшу туралы шешімді әуе кемесінің командирі өз бетінше қабылдады.
Ядров ресейлік тараптың "игі ниетін" жеткізді. Қазақ және әзірбайжан әріптестеріне қолдау танытып, қайғылы оқиғаны тергеу бойынша ынтымақтастық құруға толық дайын екенін хабарлады.