Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Украинаға қатысты талаптардың күшейгені үшін” - Трамп пен Путиннің кімнің кесірінен кездеспейтіні белгілі болды

16:20, 01 қараша 2025 204

АҚШ пен Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путиннің Будапештте өтуі жоспарланған кездесуі кейінге шегерілді, деп жазады Alash.kz.

 Financial Times дерегінше, Вашингтон бұл шешімді Мәскеудің Украинаға қатысты қатаң талаптарынан кейін қабылдаған. Басылым жазуынша, 16 қазандағы телефон әңгімесінен кейін Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-қа хат жолдаған. Онда Ресей Украина қақтығысының “негізгі себептерін жою” үшін бірқатар талап қойған.

Ол талаптардың қатарында:

  • Украина аумақтарына қатысты мәртебе мәселесі;
  • Украина Қарулы күштерінің санын күрт азайту;
  • және елдің НАТО-ға ешқашан кірмейтініне нақты кепілдік беру бар.

20 қазанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Лавровпен сөйлескеннен кейін Трампқа “Мәскеу келіссөзге дайын емес” деген хабар берген. Осыдан соң Вашингтон Будапешт саммитін өткізуден бас тартқан.

Дегенмен, FT дереккөздерінің айтуынша, Дональд Трамп Кремльмен диалог орнатуға әлі де қызығушылық танытып отыр. Бірақ ол кездесу “тек нақты нәтиже беретін жағдайда ғана өтеді” деп мәлімдеген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар