Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Украинадағы соғыс үшін қаржы бөлінбеген»: Америка билігі әлем күтпеген жаңалық айтты

10:10, 03 мамыр 2026

Америка Құрама Штаттарының 2027 жылға арналған бюджет жобасында Украинаға қолдау көрсетуге арналған қаржы бөлінбеген. Пентагонның қаржы мәселелері жөніндегі жетекшісі Джулс Херст Киевке берілетін көмектің тоқтатылғанын ресми түрде растады, деп жазады Alash.kz. 

Сонымен қатар, елдің қорғаныс саласына сұратылған жалпы сома бұрын-соңды болмаған 1,5 трлн долларға жетіп, қазіргі көрсеткіштен 50%-ға өскен.

Вашингтонның әскери басымдықтарының шұғыл өзгеруіне 2026 жылдың 28 ақпанында басталған Иранға қарсы әскери операция тікелей әсер етті. Ресми деректерге сүйенсек, Иранмен арадағы қарулы қақтығысқа шамамен 50 млрд доллар жұмсалған. Соғыс қимылдары 2026 жылдың 7 сәуірінде аяқталғанымен, АҚШ әскері аймақтағы қауіптің алдын алу үшін Таяу Шығыста қала береді.

Сарапшылардың пікірінше, ауқымды әскери операциялардан кейін елдің қару-жарақ қорын толық қалпына келтіру үшін бірнеше жыл қажет болады. Осыған байланысты бюджеттегі басты назар сыртқы көмектен гөрі АҚШ-тың ішкі қорғаныс қабілетін нығайтуға және заманауи қару-жарақ өндірісін арттыруға аударылып отыр. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар