Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Украина соққыларын тоқтатуға дайын: Зеленский Ресейге қоятын негізгі талабын мәлімдеді

12:08, 12 қазан 2026

Украина Мәскеудің энергетикалық инфрақұрылымдарды атқылауды доғаруы шартымен Ресей аумағындағы мұнай өңдеу зауыттарына бағытталған соққыларын тоқтатуға әзір, деп хабарлайды Alash.kz.

Украина мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, әскери қақтығысты басуға арналған әрбір әрекет өзара тең дәрежеде жүзеге асырылып, сенімді кепілдіктермен бекітілуі қажет.

Бұл ретте майдандағы жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Украина тарапының дерегінше, ресейлік әскер соңғы жеті күннің ішінде ел аумағына 1450-ге жуық әуе бомбасын тастап, 75 зымыран атып, 1640-тан астам соққы жасаушы дронды қолданған.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Киевтен Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасауды тоқтатуды ашық түрде талап еткен болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар