Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Украина Ресеймен бейбіт келіссөздерді тоқтатты

10:09, 13 қараша 2025 350

Украина Сыртқы істер министрлігі Мәскеудің атысты тоқтату мәселесін талқылаудан бас тартуына байланысты Ресеймен жүргізіліп келген бейбіт келіссөздердің тоқтатылғанын хабарлады, деп жазады Alash.KZ.

Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Кислица келіссөз топтарының шектеулі мандаты мен мазмұнды диалог жүргізудің мүмкін еместігін атап өтті.

Киев халықаралық серіктестердің көмегімен Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге тырысқан.

«Диктатура жағдайында диктатор атынан келген келіссөз топтарымен мазмұнды диалог жүргізу мүмкін емес», - деді Кислица.

Ол Ресей делегациясының мандаты өте қатаң болғанын және белгіленген позициядан бір қадам да шегіне алмағанын айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар