Күні кеше ғана канцлер лауазымына ие болған Фридрих Мерц осылай деп мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.
Германияның үкімет басшысы кеше Владимир Зеленскиймен кездесу өткізді. Екі ел басшысы саяси-экономикалық байланыстарын нығайтуға келісті. Сондай-ақ, қорғаныс саласында да күш біріктіруге уағдаласты.
Атап айтсақ, енді Берлин Украинаға алыс қашықтыққа арналған зымырандардың өндірісін бастауға көмектеседі. Бұған дейін аса қауіпті қарудың бұл түрін жеткізіп берген Германия оны тек қорғаныс үшін ғана емес, Ресей аумағын атқылауға да рұқсат берген.
Фридрих Мерц Украинаға бейбіт өмірді қайтару үшін Мәскеуге қарсы қысымды күшейтетінін жасырмады. Ресей билігі Германияның бұл әрекетін “соғысқа араласу” деп бағалап отыр.