Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Украина «Карпат сегіздігі» атты жаңа ынтымақтастық форматын құрды

14:16, 19 қыркүйек 2026

Украина президенті Владимир Зеленский Орталық және Шығыс Еуропаның сегіз мемлекетін біріктіретін C8 – «Карпат сегіздігі» атты жаңа өңірлік ынтымақтастық форматы іске қосылғанын мәлімдеді. Алғашқы саммит Украинаның Карпат өңірінде өтіп жатыр.

Жаңа форматқа Украина, Польша, Словакия, Венгрия, Румыния, Чехия, Австрия және Сербия кірді. Саммит жұмысына Еуропалық одақ өкілдері де қатысуда.

Зеленскийдің айтуынша, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары – қауіпсіздік, энергетика, логистика, трансшекаралық экономикалық байланыстарды дамыту және жергілікті қауымдастықтарды қолдау.

«Бізді және Еуропадағы көршілерімізді біріктіретін жаңа C8 – “Карпат сегіздігі” форматын іске қосып отырмыз», – деді Украина президенті.

Саммит аясында сегіз елден жалпы құны шамамен 40 млрд еуро болатын 100-ге жуық бизнес-жоба таныстырылмақ. Украина билігі C8-ді Карпат өңірін дамытуға бағытталған тұрақты ынтымақтастық алаңына айналдыруды көздеп отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар