Еуропалық одақтың жетекші елдері мен Ұлыбритания Украина қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа тетіктерін қарастыруға кірісті, деп хабарлайды Alash.kz.
Берлинде өткен келіссөздер барысында тараптар АҚШ-тың қолдауымен Еуропа жетекшілік ететін көпұлтты күштерді қалыптастыруға дайын екенін мәлімдеді. Бұл бастама Украинадағы жағдайдың ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Талқыланып отырған жоспар тек әскери көмектің аясымен шектелмейді. Құжатта Украина Қарулы күштерін қайта қалпына келтіру, әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, теңіздегі ахуалды бақылау және қажет болған жағдайда Украина аумағында операциялар жүргізу секілді ауқымды міндеттер қарастырылған. Бұл - Еуропаның Украина қауіпсіздігіне тікелей әрі жүйелі түрде араласуға ниетті екенін аңғартатын қадам.
Сонымен қатар, ұсынылған құжатта украин армиясының бейбіт кезеңдегі әлеуеті де нақты көрсетілген. Жоспарға сәйкес, Украина Қарулы күштерінің саны 800 мың әскери қызметкерге дейін жетуі мүмкін. Ал АҚШ-қа атысты тоқтату режимін бақылауда негізгі, үйлестіруші рөл беру ұсынылып отыр. Бұл Вашингтонның әскери тұрғыда емес, бақылаушы әрі кепілгер ретінде қатысуын күшейтуді көздейді.