Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева Парламенттан кетті, деп хабарлайды Alash.KZ.
Танашеваның орынтағын босатқаны жөнінде әуелі Орталық сайлау комиссиясы ақпарат таратты.
Гаухар Танашеваның Парламенттен кетуіне не түрткі болғанын білу үшін журналистер оған қоңырау шалған, бірақ оның ұялы телефоны өшіп жатты.
Естеріңізге салайық, Гаухар Танашева 2024 жылы 25 желтоқсанда, былтырғы парламент мәжілісінің соңғы отырысында «Халқын аямайтын үкіметтен тұратын мемлекетпіз, бұл тактиканы өзгертпей дамыған мемлекеттердің қатарына кірмейміз» деп мәлімдеген еді.