Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Үкім қашан шығады, қаншалық әділ болады?". Бишімбаев сотына Ксения Собчак келді

15:53, 22 сәуір 2024 513

Бүгін, 22 сәуір күні Астанада өтіп жатқан экс-министр Бишімбаевтың сотына  Ресейдің танымал журналисі, тележүргізуші, продюсер Ксения Собчак келді.

Ол Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысып, осы оқиға бойынша арнайы бағдарлама түсіруге келген.

Осыдан екі күн бұрын, яғни 19 сәуірде Ксения Собчак YouTube-арнасында Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қабылданған заң туралы айтып, көрсеткен болатын. Сөз арасында ресейлік журналист Бишімбаевқа қатысты іс туралы да айта кетеді.

Ол сот отырысын, Бишімбаевтың әйелін ұрған кадрларын көрсеткен. 

"Сотты күн сайын жүздеген адам қарап отыр. Телеграм арналарда адамдар екі негізгі сұрақты көп қояды: үкім қашан шығады және үкім қаншалық әділ болады? Дегенмен "Осторожно медиа" журналистеріне қазақстандық депутаттар заңның қабылдануы Бишімбаев ісіне қатысы жоғын айтты", - дейді Собчак.

Айта кетейік, Ксения Собчактың «Осторожно, новости», «Осторожно, Собчак» атты авторлық жобалары, instagram желісінде 10 миллионға жуық оқырманы, «Кровавая барыня» атты Telegram арнасы бар.  Ресей билігі Украинаға басып кіргеннен кейін Собчак соғысқа қарсы шығып, уақытша елден кеткенін мәлімдеген.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар