Үйлену тойы қайғылы аяқталды. Күйеу жігіттің жүрегіне пышақ тиіп, ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Ресейдің Краснояр өлкесінде өткен үйлену тойы қайғылы жағдаймен аяқталды. Той кезінде жанжал шығып, күйеу жігіт жүрек тұсынан пышақ жарақатын алып, бірнеше күннен кейін ауруханада қайтыс болды.
Қайғылы оқиға Ачинск қаласындағы «Уют» кафесінде болған. Жас жұбайлар бір залда үйлену тойын тойлап жатқанда, көрші залда мерейтойын атап өтіп жатқан бейтаныс компания демалып отырған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі топтың қонақтары арасында жанжал туындаған.
Марқұмның туыстарының айтуынша, Семен есімді күйеу жігіт жақын досын қорғауға араласып, жанжалды тоқтатуға тырысқан. Алайда сөзге келіспеушілік соңы қанды оқиғаға ұласқан. Көрші компаниядағы ер адамдардың бірі оны жүрек тұсынан пышақтап кеткен.
Дәрігерлер оған күрделі ота жасап, алғашқыда жағдайы тұрақталғанымен, арада бірнеше күн өткен соң денсаулығы күрт нашарлаған. Кейін санитарлық авиациямен Красноярск қаласына жеткізілгенімен, тоғыз күннен кейін көз жұмды.
Оқиғадан кейін күдікті өз еркімен полицияға барып, құқық қорғау органдарына берілген. Қазір қылмыстың барлық мән-жайы анықталып жатыр.