Қазақ эстрадасының "Королі", танымал әнші Мейрамбек Бесбаев былтыр дүние есігін ашқан кенже қызы Айзияның 1 жас туған күнін дүркіретіп өткізді, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Мерекеге өнер майталмандары келіп, сәбиге тілектерін айтып, өлең жолдарын арнады.
"Мәке Мархабай той-тойға ұлассын. Айзия балапанның 1 жасы құтты болсын", - деп жазды өнердегі достары Айман Нұразхан.
Skifnews.kz мәлімдеуінше, бүлдіршіннің тұсауын Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева кесті.
Көпшілік сәбиге тілектерін жаудырып, қадамын нық басып кетуін тілеуде.