Белгілі композитор, әнші марқұм Арман Дүйсеновтің жақындары желіде жылы жазба жариялады, деп мәлімдейді Alash.kz.
Сазгердің парақшасында былай делінген:
Кеше біздің әкеміздің, Арман Дүйсеновтің туған күні болды.
Ол арамызда болмаса да, үні де, күлкісі де, артында қалдырған ізі – біздің жүрегімізде тірі.
Көпке – дарын иесі, композитор, қазақ музыкасына өмірін арнаған жан.
Бізге – әке, тірек, үйдің берекесі.
Бүгін де оны үнсіз еске аламыз.
Құрметпен.
Алғыспен.
Сағынышпен.