Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұят видео қарап ұсталып қалған 13 жастағы бала ата-анасымен 4 бауырын өлтіріп тастады

10:35, 17 желтоқсан 2024 2307

Вашингтон штатында 11 жастағы қыз ағасының отбасына жасаған шабуылынан аман қалды, өйткені өзін өлі деп көрсеткен, деп хабарлайды Alash.kz Daily Mail сайтына сілтеме жасап. 

Қыз таңертең атыс дауысынан оянған. Атысты оның 15 жастағы ағасы бастаған.

Қыз дәлізде әкесінің және 9 жастағы інісінің қанға бөккен денелерін көрген. 

Сол сәтте ағасы оның көз алдында 7 жастағы қарындасын атып өлтірген.

Одан кейін жасөспірім қарындасының бөлмесіне кіріп, оған оқ атқан. Қыз ағасының үйдегі денелерді тексеріп жүргенін көрген соң, өзін өлі деп көрсеткен.

Жасөспірім оның тірі екенін байқамай, бөлмеден шығып кеткен. Осы сәтті пайдаланған қыз терезе арқылы қашып шығып, көршілерінен көмек сұраған.

Олар 911 қызметіне қоңырау шалған.

Алайда көршілері қоңырау шалмас бұрын, күдікті де 911 нөміріне хабарласып, 13 жастағы інісі Бенжамин отбасын атып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсағанын айтқан.

Ол өзі ваннада тығылып отырғанын мәлімдеген.

Атыс салдарынан 5 адам қаза тапты: 43 жастағы әке, 42 жастағы ана, 13 жастағы жасөспірім, 9 жастағы ұл және 7 жастағы қыз.

Тірі қалған қыздың айтуынша, трагедияның алдында ағасы порнография көріп жатқан жерінен ата-анасына ұсталып, жанжал туындаған.

Ата-анасы діндар болған, балаларын үйде оқытып, олардың қарым-қатынасын қадағалап отырған.

Қыздың сөзіне сүйенсек, ағасы отбасындағы қару сақталған сейфтің кодын білетін жалғыз бала болған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар