Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова еліміздегі ұстаздар қауымы үшін маңызды жаңалықты жариялады, деп жазады Alash.kz.
Мемлекет басшысының тікелей нұсқауына сәйкес, педагогтардың кәсіби біліктілігін анықтауға арналған пәндік бағалау тестілеуі енді өткізілмейтін болды. Бұл шешім туралы ресми хабарлама тиісті білім басқармаларына жіберіліп қойды.
Министр өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында бұл қадамның Президент тапсырмасы аясында жүзеге асқанын ерекше атап өтті. Жұлдыз Сүлейменова:
Кешелі бері «Педагогикалық біліктілік тестін тапсырмау» туралы жаңалықты талқылап жатсыздар. Мен ол жаңалыққа жазылған барлық пікірлерді уақытым бар кезде мейлінше зерделедім. Бірнеше сұрақтар бар. Сол сұрақтарға өзім жауап жолдаймын деп шештім.
1. Бұл уақытша тоқтату емес. Енді, кәдімгідей біздің педагогикалық қоғамдастықта жұмыс істеп жүрген ұстаздарымыз пәндік біліктідік тестін тапсырмайды. Бұл тестті алып тастадық. Бірақ, бұл тестті кім тапсырады? Педагогикалық қоғамдастыққа, яғни педагогикалық мамандыққа ең алғаш қадам басып жатқан университет түлектері тапсырады. Өйткені, олар мамандыққа енді ғана келе жатыр. Олардың білім деңгейін білуіміз қажет. Сондықтан, университет түлектері педагогтің біліктілік тестін тапсырады. Осы жас маманда екі жылдан кейін педагог-модератор біліктілік деңгейіне қадам басқан кезде педагогикалық біліктілік тестін тапсырады. Қалған категорияға өздері аттестацияға тапсыратын бірде-бір ұстаз педагог біліктілік тестін тапсырады. Тесттің аттестацияға байланысы болмайды.
2. Бұған дейін шекті балл жинаған 51000 педагог бар. Олар портфолиосын жинап, шекті баллдан асқан сертификатымен өз кезеңі бойынша бүгінгі таңда көрсетіліп тұрған аттестациядағы кезеңдерді тапсырады. Қыркүйектен бастап өткендері қосымша үстеме ақыларын алатын болады.
3. Портфолио жинақтау енді электронды күйде болады. Жалпы, қағаз жинақтап, әркімнен қол жинар жүрмейсіз. Ustaz платформасын жаңартып жатырмыз. Алдағы уақытта қосымша ақпарат беретін болады.
4. Авторлық бағдарламалар да тоқтатылады. Жазудың, ұсынудың қажеті жоқ.