Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Уақытты қайтаруға қатысты петиция жоққа шығарылды. Министрлік "кері кетуден" бас тартты

17:12, 03 тамыз 2024 304

Қазақстанда бұрынғы уақытты қайтаруға қатысты петицияны қарайтын жұмыс тобы алдын ала шешімін шығарды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Informburo.kz порталы бұл жайлы хабарлады. Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаевтың айтуынша, жұмыс тобы петицияны кері қайтаруға алдын ала шешім шығарды.


Себебі "авторлардың уақытты ауыстыру электр энергиясын тұтыну және халықтың денсаулығына кері әсер етеді деген уәждері расталған жоқ".

"Осы уақытқа дейін біз петиция жазғандардың дәлелдерін қарадық. Бірақ оның бәрі расталған жоқ. Осыған байланысты мен сауда және интеграция министрлігінің алдын ала шешімін жариялаймын. Петицияны қанағаттандырудан бас тартуға шешім шығарылады", – деді Қайрат Балықбаев бүгінгі отырыста.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар