«KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов сағат белдеуінің өзгеруі Қазақстандағы электр энергиясын тұтынуға қалай әсер еткенін айтты.
Жалпы тұтынуға айтарлықтай әсер еткен жоқ, кешкі уақытта аздап өсу байқалады. Бірақ таңертең төмендеу байқалады. Сондықтан, жалпы алғанда, бұл электр желісіне түсетін жүктемеге әсер еткен жоқ, - деді ол.