Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Уәде беремін»: Бишімбаевтың экс-әйелі Нүкенованың туыстарына сабыр тіледі

10:52, 29 наурыз 2024 650

Қуандық Бишімбаевтың экс-әйелі Назым Қаһарман желіде жазба жариялап, Салтанат Нүкенованың жақындарына сабыр тіледі.

«Сот басталды. Біз де оны қадағалап отырмыз. Осы күнге дейін сіздермен біраз сөйлесіп, бірқатар сұраққа жауап бердім. Алайда енді біз үнсіз қалсақ деп отырмыз. Әлі сырласып үлгереміз. Уәде беремін. Салтанаттың туғандары мен жақындарына күш-қуат пен сабырлық тілегім келіп тұр. Қазір олар үшін қиын кезең. Сол қорқынышты күнді қайта еске алу оңай емес», - деді Назым Назым Қаһарман.

Оның айтуынща, сол күні күш те, билік те Бишімбаевтың қолында болған.

«Әйелдер мен балаларға зорлық көрсетіп, адамның өмірін алуға жол жоқ. Қандай себеп болмасын, құрбанды кінәлауға болмайды. Сол күні билік те, күш те соның қолында еді. Демек, таңдау мен жауапкершілік те соның мойнында», - деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар