Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова қазіргі жас отбасылардың шайқалуына ненің түрткі болатынын ескертіп, жастарды тәкаппар болмауға шақырды, деп жазады Alash.kz.
Қайрат Нұртастың анасы 7-арнаның “Жарқыраған жұлдыз” бағдарламасына берген сұхбатында жанұя іргесінің сөгілуі көкіректікке байланысты деп ашып айтып, мысалмен түсіндіріп берді.
“Жастарға айтарым, сол ананы сыйласа болды ғой. Әкеге күліп отырып, шайын берсе… Тырысып отырмаса, жұлынбаса… Күйеуің кешірім сұрайды ғой. Сол кезде одан да ары асып кетіп, бетпақтық танытпай, “жарайды” деп келісе салсаң, әрі қарай жақсы әңгіме айтып, жақсы қыдырып… Кешірмей қақиып тұрып алады да. Оның барлығы көкіректікке байланысты ғой. Әңгіменің барлығы сол тәкаппарлыққа келіп тіреледі ғой”, – деді Гүлзира Айдарбекова.