Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Тұтқындау кезінде ер адам полицейге пышақ жарақатын салған

10:07, 12 тамыз 2026

Полиция қызметкеріне пышақ жарақатын салған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Оқиға 26 шілдеде болған. Полиция қызметкерлері мас күйіндегі құқық бұзушыны бөлімшеге жеткізу кезінде ер адам қарсылық көрсетіп, полиция қызметкеріне пышақпен жарақат салған.

Аталған іс бойынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Учаскелік инспекторға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Толық сауығып шыққаннан кейін ол қызметіне қайта кірісті.

Құқық қорғау органдары істің өзге де мәліметтері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайтынын хабарлады.

Бұған дейін Ақмола облысында жол-көлік оқиғасынан кейін мас жүргізуші бұрауышпен жанжал шығарған еді. Осы оқиға бойынша полиция екі қылмыстық іс қозғаған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар