Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Тұтас бір отбасы жоғалып кеткен” - Атырау облысының тұрғындары дабыл қағуда

10:09, 02 қаңтар 2026

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында тұратын бір отбасының жоғалып кеткеніне бірнеше ай толды. Қазіргі уақытта аталған азаматтардың нақты қайда екені және оқиғаның мән-жайы белгісіз қалып отыр, деп хабарлайды Alash.kz.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, осыдан жарты жыл бұрын ауылдан 32 жастағы Наурыз Мұқанғалиев жұмыс іздеп Ақтау қаласына аттанған. Алайда ол кеткеннен кейін туыстарымен байланысын толық үзген. Кейіннен, 2025 жылдың қазан айында отбасының өзге мүшелері де белгісіз бағытқа кеткен. Ауыл тұрғындарының айтуынша, үйдің жарығы сөніп, телефондары істен шыққаннан кейін ғана күдік пайда болған.

Полиция органдарына отбасының жоғалғаны туралы ресми арыз 2025 жылдың қараша айында жолданды. Іздеу жарияланғандардың қатарында Наурыздың әкесі Мақсот Қарабалин, анасы Нәсіп Өтешқалиева және қарындасы Мирагүл бар. Айта кетерлігі, отбасы мүшелері жоғалғаннан кейін Наурыз Мұқанғалиевтің атынан WhatsApp мессенджері арқылы үйдің барлық малы сатылған. Туыстарының айтуынша, саудадан түскен қаражат әкесінің банктік шотына аударылып, содан кейін шоттағы барлық қаржылық операциялар тоқтатылған.

Бүгінгі таңда отбасының үйі жабық тұр, ал олардың жүру бағыты немесе болуы мүмкін жерлері туралы ешқандай дерек жоқ. Іздеу шаралары Қазақстанның барлық аймақтарында жүргізіліп жатқанына қарамастан, екі айдан бері оң нәтиже тіркелмеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар