Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Түсінікті болу үшін орысша айтуға рұқсат етіңіздер" деп бейшара болмайық". Тіл маманы ескерту жасады

17:36, 14 желтоқсан 2024 557

Филология ғылымының кандидаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Аппаратындағы редакциялау-сараптау бөлімінің меңгерушісі Батырболат Айт-Болатұлы өз тілін өзекке тебетіндерді қатаң сынға алды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Батырболат Айт-Болатұлы өз сөзінде қазақша сөйлеуге қымсынатындарды айыптады:

Депутаты, басқасы — үлкенді-кішілі ұлығы бар бүкіл спикер атаулы кез келген жерде өзіне сөз тигенде "Барлығына түсінікті болу үшін орысша айтуға рұқсат етіңіздер" деп бейшара болмай "по умолчанию" қазақша сөйлемек түгілі, "Елдегі ең басты тіл мемлекеттік тіл ғой, сондықтан бәрі түсінуі үшін қазақша айтайын" дейтін, намысы оянған, санасы өскен "аралық кезең" деңгейінен де өту бұйырмай тұрған сорлы жұрт екеніміз жанға батып, жүрек ауыртады-ақ... - деді азамат. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар