Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тұрсынбектің өзіне ақыл айтатын адам керек": әзілкештің қыздарына қойған шарты жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

09:55, 16 шілде 2025 284

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов отбасында ұстанатын бірегей тәртіп жайлы әйелі Мөлдір Мұқанова айтып берді. Ол бұл туралы Динара Сәтжанға берген сұхбатында бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Мөлдір Мұқанованың сөзінше, Тұрсынбек Қабатов қыздарының құлағын тек сырға салу рәсімінде ғана тесу керектігін айтқан. Мұндай шешім әзілкештің жеке ұстанымына негізделген.

"Құдалар келіп, құда түсіп, сырға салғанда ғана құлақ тесу керек. Мұны Тұрсынбек бабамыз шығарған. Қазақта бұрыннан бар дәстүр ме, білмейміз, бірақ бізде солай", – деді Мөлдір Мұқанова.

Бұл ережеге Қабатовтың қыздары да қарсы емес екен. Олар бүгінге дейін құлақтарын теспей, әкелерінің шешіміне құрметпен қарап келеді.

Дегенмен, желі қолданушылары мұндай шектеуді сынға алды. Көпшілік бұл дәстүрге сай келмейтінін алға тартты:

"Бұндай дәстүрді кім ойлап тапқан?»,
"Қызына тыйым салғанша, ұятты киінуді үйретсін»,
"Тұрсынбектің өзіне ақыл айтатын адам керек", – деген секілді пікірлер жазылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар