Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тұрсын мырза осы бөбекке бір темір тұлпар сыйласыншы": Қоғам белсендісі үндеу жасады

13:35, 01 қазан 2025 193

Қоғам белсендісі Бекболат Қаржан FaceBook-тегі ресми парақшасында ерекше үндеу жасады, деп хабарлайды Alash.kz.

Ол продюсер Баян Мақсатқызы мен оның жолдасы, кәсіпкер Тұрсын Алагөзовке арнаған жазбасында "Қайрат" – "Реал" кездесуіндегі қақпашының еңбегін атап өтті.

"Құрметті, Баян Мақсатқызы! Сізге бір бұйымтайым бар! Менің достығымда бар жансыз ғой. Кеше сіздің жолдасыңыз Тұрсын Алагөзов Қайраттың жігіттері жеңіп кетсе, әрбіріне көлік мінгіземін деп уәде еткен еді. Бірақ, сіз ойлағандай болмаса да, мұнда бір баланың еңбегі мол болды. Қақпаға бағытталған қаншама соққыны қайтарды. Елдің, жұрттың назары тек осы балада болды. Оған күмәнім жоқ. Тұрсын мырза да оны көріп отырған болуы керек. Бүгінгі арыстан Реал Мадридпен ойындағы мынау бөбектің еңбегін ескеріп, Тұрсын мырза осы бөбекке бір темір тұлпар сыйласыншы! Бәріміз де сізге разы болайық! Бұл баланың бүгінгі еңбегі, көңіл күйі – бұл қазақтың көңіл күй ғой. Осы балаға ғана жаным ашыды. Бұл бөбекке сыйлаған темір тұлпар қазаққа сыйлаған сыйлық болып есептелсін. Бұл Тұрсын мырза екеуіңіз үшін түк те емес. Сіздер қалай ойлайсыздар?! Келісесіздер ме?! Мынау баланың еңбегі ескерілуі керек қой, қазақтар! Тұрсын мырза мұны міндетті түрде ескереді деп ойлаймын", – деп жазды Бекболат Қаржан.

Айта кетейік, 30 қыркүйекте өткен УЕФА Чемпиондар лигасының екінші туры аясында "Қайрат" өз алаңында мадридтік "Реалға" қарсы ойнап, 0:5 есебімен жеңілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар