Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түрмеде отырып терроризмді нәсихаттаған: 20 жыл жазасына 6 жыл қосылды

11:54, 08 шілде 2024 563

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2024 жылғы маусымда террористік сипаттағы қылмыстар жасағаны үшін Қазақстанның үш азаматы сотталғанын мәлімдеді деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

3 және 7 маусымда Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты терроризмді насихаттау фактісі бойынша екі жергілікті тұрғынның әрбірін 7 жылға бас бостандығынан айырды. 

“Олардың айналасындағылар арасында, сондай-ақ мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы радикалды діни материалдарды таратқаны анықталды. 11 маусымда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен осыған ұқсас қылмысы үшін түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан елорда тұрғыны 6 жылға қосымша бас бостандығынан айырылды.

Айта кету керек, 2024 жылдың ақпанында ол билікті басып алуға, террористік топты құруға және басқаруға, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында жалдауға, терроризмді насихаттауға және қаржыландыруға көпшілік алдында шақырғаны үшін 20 жылға сотталған”, – делінген хабарламада. 

Сотталушы тергеу изоляторында болған кезде заңсыз әрекеттерді тоқтатпай, камераластарына терроризм идеологиясын таратуға тырысқан. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар