Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркиядағы зілзаладан кейін Алматыда 250 га аумақтағы құрылыс тоқтатылды

14:28, 18 мамыр 2023 214
Алматы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Осы орайда қауіптің алдын алып, басқа елдердің жіберген қателігінен сабақ алу парыз.  «Медеу» табиғи саябағы аумағынан жер телімдерін заңсыз шығарып беру фактілері әшкереленді.

Алматыдағы «Медеу» табиғи саябағы аумағында 45 гектар жер заңсыз берілген. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында мәлім етті.

«Түркиядағы оқиғалардың бедерінде Алматы қаласы прокурорының қарсылығы бойынша таулы аумақта орналасқан 120 телімдегі (250 гектар) заңсыз құрылыстың алды алынды», - делінген жауапта.

Бас прокурордың анықтама ретінде берген мәліметі бойынша, "Қарғалы" шағынауданындағы жалпы ауданы 136 гектар болатын 103 жер учаскесінде, Бутаковка ауданындағы жалпы ауданы 44 гектар болатын 11 учаскеде, Обсерватория көшесіндегі аумағы 4 гектар болатын 6 учаскеде құрылыс тоқтатылған.

Берік Асылов «Сондай-ақ «Медеу» табиғи саябағының аумағынан үшінші тұлғаларға 45 гектар болатын жер телімдерін заңсыз шығарып беру фактілері әшкереленді. Бұл заңсыздықтар бойынша Алматы қаласы прокуратурасы жер пайдалануға берілген құжаттардың күшін жою туралы 10 талап-арыз енгізді», - деп жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар