Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркістанда жалдамалы пәтерден екі жас баланың денесі табылды

04:15, 08 ақпан 2024 376
Түркістан қаласында жалдамалы пәтерлердің бірінен екі жас баланың денесі табылды.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің мәлімдеді.
«7 ақпанда Түркістан қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен екі жас баланың денесі табылды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жолданды.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және балалардың қайтыс болғаны мен олардың мекенжайы туралы құрбысына хабарлаған ананың, яғни Қызылорда облысы тұрғынының орналасқан жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда», - деді ПД бастығы М. Қабденов.

Еске саламыз, балалардың өліміне айуандықпен өлтірді деп анасы күдікке ілінді. Әйел Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы А.С.Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейде мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесінде тәрбиеші болып жұмыс істеген. О
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар