«Аула ішіндегі әжетханада мерзіміне жетіп піскен, тірі шақалақты дүниеге әкелген. Сәбиін босана салысымен, оны әжетхана шұңқырына лақтырып жіберген. Оның тірі қалуына ешқандай жағдай жасамаған. Нәрестенің денесі көрініп қалмауы үшін қора жақта тұрған күректі алып, ауладағы тас аралас топырақты сәбидің үстіне тастаған. Осы әрекеті арқылы ол өзінің жаңа туған шақалағын босану сәтінде саналы түрде өлтірген», — делінген соттың ресми мәлімдемесінде.
Түркістанда жаңа туған баласын әжетханаға тастаған бойжеткен сотталды
Ашық дерекөздерден
Түркістан облысының Сайрам аудандық соты өз басынан өткен жағдайды жақындарынан жасырып, жаңа туған нәрестесінің өмірін қиған бойжеткенге қатысты үкім шығарды. Бұл туралы сот материалдарына сілтеме жасап Alash.KZ хабарлайды.
Ресми деректерге сүйенсек, кәмелеттік жасқа толған қыз бейтаныс азаматпен өз келісімі бойынша жақындасып, соның салдарынан жүкті болып қалған. Бойжеткен бұл жағдайды туыстарына айтудан қорыққандықтан, тоғыз ай бойы дәрігерлердің бақылауына алынбай, ешқандай медициналық мекемеге есепке тұрмаған.
Толғағы қысқан сәтте ол өзінің Сайрам ауданындағы тұрғылықты үйінде болған.
Сот талқылауы барысында айыпталушы орын алған қайғылы жағдайды және өзіне тағылған қылмыстық істі толығымен мойындап, өкініш білдірді.
Сот алқасының соңғы шешімімен кінәлі деп танылған бойжеткеннің бас бостандығы 2 жыл мерзімге шектеу жазасына кесілді.
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан 2027 жылдың соңына қарай 3G-ден толығымен бас тартады – Жаслан Мәдиев
14:00, 24 қараша 2026
«Педогогтерге қолдау!»: Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарға қуанышты хабарды жеткізді (ВИДЕО)
10:49, 24 қараша 2026
Қаралы хабар: Қазақтың тұңғыш антропологы, академик Оразақ Смағұлов өмірден озды (ФОТО)
09:25, 24 қараша 2026