Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркістан облысында мұғалімдердің 62,6 пайызы өз пәні бойынша тестілеуден өте алмаған

16:08, 11 наурыз 2026

Түркістан облысында білім сапасына қатысты алаңдатарлық мәлімет жарияланды. Облыстық білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орыновтың айтуынша, мұғалімдердің 62,6 пайызы өз пәні бойынша тестілеуден өте алмаған. Бұл туралы Аlash.kz хабарлады.

Мәліметке сәйкес, кейбір аудандарда мектеп директорларының 70 пайыздан астамы аттестациялық тесттен құлаған. Сонымен қатар, облыста әрбір үшінші мектеп түлегі Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) бойынша шекті балды жинай алмаған.

Бұл көрсеткіштер қоғамда қызу талқылау туғызды. Бір тарап білім сапасын арттыру үшін мұғалімдердің кәсіби деңгейін күшейту қажет екенін айтса, екінші тарап аттестациялық тесттердің мазмұны мен құрылымына қатысты сұрақтар бар екенін алға тартып отыр.

Кейбір педагогтардың пікірінше, тест тапсырмалары көбіне 10–11 сынып бағдарламасына негізделген. Ал көптеген мұғалімдер ұзақ жылдар бойы бастауыш немесе төменгі сыныптарға сабақ беріп келген.

Сондықтан бірқатар ұстаздар үшін мұндай тесттер арнайы дайындықсыз өте күрделі болуы мүмкін деген пікір айтылып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар