Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркістан облысында бақташы 11 млн теңгенің малын сатып жіберген

07:36, 15 желтоқсан 2022 323
 


Түркістан облысында 11 миллион теңгенің малын сатып жіберген бақташы анықталды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Ордабасы полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын арызданып, отар қойының ішінен 221 бас қой мен 3 бас сиырдың жоғалғанын хабарлаған. Жәбірленушінің айтуынша, осы жылдың тамыз айында ол малдарын жергілікті тұрғынға бағуға сеніп тапсырған. Алайда 3 айдан соң малдарын санағанда бір бөлігі жоқ болып шыққан.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы («Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету») бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері мал ұрлығына қатысы бар бақташыны, яғни бұрын сотты болған Ордабасы ауданының тұрғынын құрықтады. Анықталғандай, күдікті ер адам малдардың көп бөлігін иемденіп, сатып, ал ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Жалпы, жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 11 миллион теңгеден асты.

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтап жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар