Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркістан облысында жоғалып кеткен үш жасар бүлдіршіннің қазасына тұтас ел еңіреді

11:44, 19 мамыр 2024 973
16 мамыр күні Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын үйдің жанында ойнап жүрген үш жасар қызының жоғалып кеткенін мәлімдеген. Полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар бүлдіршінді іздеуге жұмылдырылды. Өкініштісі, 18 мамырда түнде баланың денесі көршінің әжетханасынан табылды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Оқиға жайлы бірнеше күн бұрын бүлдіршіннің жоғалғанын айтып, дабыл қаққан журналист Гүлмира Әбіқай Facebook-тегі өз парақшасында жазды.

"Үш күн іздеген үш жасар періштенің денесі өлі табылды. Қарама-қарсы көрші үйдің әжетханасына түсіп кетіпті. Бүкіл ел уайымдап, дін-аман табылуына тілекші болып-ек…Әттең ғажайып болмады. Қайғы жұтқан Асылымның ата-анасына, туыстарына, барша қазақ еліне көңіл айтамын. Жатқан жерің пейіш болсын, періште", делінген жазбада. 

Айта кетсек, бүлдіршінді іздеуге полиция бөлімінің барлық жеке құрамы, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, құтқарушылар, әкімдік қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар тартылғаны хабарланған болатын. Сонымен қатар, әлуметтік медиатағы оқырмандардың барлығы қаршадай қыздың табылып кетуіне тілектестік танытты. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар