Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Түркістан облысында балабақша өртенді

09:46, 10 шілде 2024 366

Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты. Өрт шатырдан басталып, кейін өршіген. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Балабақшаның шатырынан өрт шыққаны анықталды. Кейіннен мекеменің кейіннен басым бөлігі отқа оранған. Облыстық төтенше жағдай қызметкерлері жалынның неден пайда болғанын нақты атамады.Оқиғаның мән-жайы сараптамадан кейін анықталатыны айтылды. 

«Салтанат» балабақшасының шатыры жанып жатыр деген хабарлама келіп түсті. Аталған мекенжайға дер кезінде барды», – деді өрт сөндіру бекетінің бастығы Жанболат Әлімқұлов.

Балабақшаны шарпыған жалыннан зардап шеккендер жоқ. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?