Белгілі спорт журналисі Несіп Жүнісбаев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке материалдық дүние сыйлай бергенді тоқтату керек деп есептейді. Оның орнына мұндай текті азаматтың ұрпағын көбейту керек деген пікір айтты деп хабарлайды Alash.KZ сайты "1bol" инста парақшасына сілтеме жасап.
Сметов Олимпиада алтынын жеңіп алғаннан кейін елдегі ірі кәсіпкерлер оған үйір-үйір жылқы, қымбат автокөліктер сыйлайтынын мәлімлеген еді.
«Сабыр, ағайын! 100 жылқы, 100 машина сыйланған Бекзат Саттархановты ұмытпаңдар. Байлықтан кенде болмас Елдосжан. Ең алдымен, Алла алтыннан қымбат ақыл сыйласын. Жаратушы бір жанға аздық етпес ұзақ ғұмыр сыйласын. Мен білетін бір тоқтам: Елдоста 30 ұл мен 40 қыз болуы керек. Мұндай асыл жігіттің ұрпағы мол болуға тиіс. Ұлттың байлығы сол болар… Қазақ мұны «тұқым алу керек» дейді. Тұтас 12 жылда төмендемей, бір Олимпиададан бір Олимпиадаға оза шапқан Елдостың тұқымы асыл екен. Енді сол байлықты сақтау керек қазақ үшін. Мал байлық емес, ұрпақ байлық. Машина мінгізіп мұратына жеткізбейміз. Халық болып қоршап, ел болып енші бөліп, жұрт болып жолына құрбан шалсақ қана алтын ұлды сақтай аламыз», - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Елдос Сметов соңғы үш Олимпиада ойындарына қатысып, бәрінде жүлде алды. 2016 жылы Риода күміс жүлде жеңіп алса, 2020 жылғы Токио Олимпиадасын қола жүлдемен аяқтады. Ал, күні кеше Париждің алтынын мойнына таққан болатын.
«Тұқым алу керек»: Спорт журналисі Несіп Жүнісбаев Сметовқа көлік, жылқы сыйлау дұрыс емес дейді
Қайғылы жағдай: Ақтөбеде 16 жасар студент жатақханa терезесінен құлап, қаза тапты
12:11, 04 қараша 2026
Щучинскідегі 12 адамның өмірін қиған жарылыс: Сот процесі туралы тың дерек шықты
11:02, 04 қараша 2026
«Құдай сақтасын»: Айдана Меденова күйеуімен ажырасып кетті ме? – Әншінің өзі жауап берді
10:22, 04 қараша 2026
Президент Жолдауын іске асыру: Үкімет Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын мақұлдады
18:00, 03 қараша 2026
«Алаңда ауыр жарақат алған». Қаралы хабар: 30 жастағы футболшы қаза тапты (ВИДЕО)
17:48, 03 қараша 2026
«4 күн бұрын үйінен шығып кеткен»: Семейде 15 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалды
15:40, 03 қараша 2026
«Соғысты тоқтату»: Ресей мен Украина арасындағы келіссөз қашан өтетіні белгілі болды
15:31, 03 қараша 2026
«Жедел жәрдем келгенше көз жұмған»: СҚО-да 17 жасар қыздың жұмбақ өлімі тергеліп жатыр
14:26, 03 қараша 2026
Үш жылдық мораторий енгізіледі: Қазақстанда орта кәсіпкерлікті қолдау күшейеді
13:22, 03 қараша 2026