Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Тұншықтырып өлтірді, артында үш баласы қалды": Әйгілі әнші өз күйеуінің қолынан қаза тапты (ФОТО)

10:14, 30 шілде 2025 1562

Өзбекстанның Самарқанд облысы Тайлақ ауданында белгілі әнші Зебинисо Носирова (көркем есімі – Zeboyi Jahon) қаза тапты. Қайғылы оқиға 26 шілдеде орын алды, деп жазады Alash.kz.

Әншінің өліміне күдікті ретінде оның бұрынғы күйеуі ұсталды. Ер адам сол күні балаларын көру үшін келген, алайда ерлі-зайыптылар арасында жанжал шығып, ашуға булыққан күйеуі әйелін қолымен тұншықтырып өлтірген. Зебинисо сол жерде жан тапсырған.

Марқұмның ағасы оқиға туралы былай деді:

"Сол күні жұмыста едім. Жұбайым қоңырау шалып,"'әпкеңмен бірдеңе болған" деді. Анамнан сұрасам, "тез жет, оны өлтіріп кетіпті" деді. Бұл – өз жарына, үш баланың анасына жасалатын іс пе?!"

Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Хаёт Шамсутдиновтің мәліметінше, 1992 жылы туған ер адамға Қылмыстық кодекстің 97-бабы 1-бөлігі бойынша (қасақана адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалған. Күдікті қамауға алынған.

1991 жылы дүниеге келген Зебинисо Носирова артында үш ұл қалдырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар