Алматылық «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков УЕФА Чемпиондар лигасында жаңа бірегей жетістік орнатты, деп хабарлайды Alash.kz.
Астанада өткен «Қайрат» пен Грекияның «Олимпиакосы» арасындағы кездесудің (0:1) қорытындысы бойынша Темірлан Анарбеков УЕФА тарапынан матчтың ең үздік ойыншысы (MVP) атанды. Ол 9.2 бағасын алып, бір матчта сегіз сейв жасаған.
Капитандық белгімен алаңға «Қайратты» алып шыққан Анарбеков Чемпиондар лигасы матчында MVP атағын алған алғашқы қазақ футболшысы болды.