Қазақстан Сенаты "Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы" заңға қатысты кейбір жайттарды, бет-әлпетті жауып тұратын киім киюге тыйым салатын түзетуді талқылап жатыр, деп хабарлайды Alash.KZ порталы.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түзету Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысында талқыланды.
Енді елде бет-жүзді жауып тұратын маска, балаклава немесе киім элементтерін киюге тыйым салу ұсынылуы мүмкін.
Алайда кейбір жағдайларда мұндай киімді киюге рұқсат етіледі:
Медициналық көрсетілімдер бойынша;
Қызметтік міндеттерді орындау барысында;
Спорттық және мәдени іс-шараларға қатысқанда және өзге де ерекше жағдайларда.