Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Туысқандарын төңірегіне жиды". Рамзан Қадыров өзінің 18 жастағы ұлын министр етіп тағайындады

13:57, 22 мамыр 2024 793

Рамзан Қадыров өзінің 18 жастағы ұлын Шешенстанның спорт министрі етіп тағайындады. Бұл оның республика Үкіметіндегі тоғызыншы туысы саналады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Рамзан Қадыровтың үлкен ұлы Ахмат Шешенстанның дене шынықтыру және спорт министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Рамзан Қадыровтың өзі мәлімдеді.

Соңғы үш айда Ахмат Қадыров жастар ісі жөніндегі министр қызметін атқарды. Бұл жерге Шешенстан басшысының тағы бір туысы Рамзан Висмурадов келді ("Азаттық радиосы" ақпараты бойынша, бұл Рамзан Қадыровтың күйеу баласы).

Сол күні, 21 мамырда, Қадыров Шешенстан үкіметінің басшысы Муслим Хучиевтің қызметінен босатылғанын және оның қызметіне Иса Тумхаджиевтің міндетін атқарушы болып тағайындалғанын жариялады. "Кавказ.Шындық " агенттігі Тумхаджиевтің де Республика басшысының күйеу баласы екенін дәйектеді. 

БАҚ жазуынша, Шешенстан басшысының Республика министрлер кабинетіндегі туыстарының саны тоғыз адамға дейін өсті. Оның ішінде вице-премьер қызметін атқаратын Қадыровтың қызы Айшат та бар. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар